2421

«Жүре берсең, көре бересің»: ұзатуда басына шар байлап шыққан қыз жұрттың ашуын келтірді

Видеода екі жағында екі жеңгесі барын байқауға болады.

«Жүре берсең, көре бересің»: ұзатуда басына шар байлап шыққан қыз жұрттың ашуын келтірді
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тойда басына шар байлап шыққан бойжеткен желі қолданушыларының ашуын келтірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Видеоға мән берсек, ұзату тойының соңында бойжеткеннің артына қарамай аттанып бара жатқанын, екі жағында екі жеңгесі барын байқауға болады.

«Бұл немене тағы, салтымыздың бәрін құртатын болдыңдар, қайдан келген малғұнсыңдар», «Жаным ашиды осындайларға», «Жүре берсең, көре бересің. Қазіргі адамдарға таңырқауға болмайды», «Бәрі жынды ма шелек кимедима басына», - деп жазды желі қолданушылары.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор