Қазгидромет 5 тамыз күні 8 облыста күн аптап ыстық болатынын ескертті

05.08.2024, 09:55
524
Қазгидромет 5 тамыз күні 8 облыста күн аптап ыстық болатынын ескертті pixabay.com

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК ел аумағында 5 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайтын болады: найзағаймен жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл күтіледі, еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр жауады.

Еліміздің тек оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.

«Күндіз Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының батысында қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Атырау, Жетісу, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады», — деп жазды синоптиктер.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Атырау облысының оңтүстік бөлігінде, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады