Тарихи медаль алған гимнаст Нариман Құрбанов қазақтың спортшы қызына үйленетінін айтты

05.08.2024, 12:12
1353
Тарихи медаль алған гимнаст Нариман Құрбанов қазақтың спортшы қызына үйленетінін айтты жеке парақшасынан

Нариман Құрбанов үйленген соң да спортты жалғастырып, алтын алудан үмітті

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, спорттық гимнастикадан Қазақстан қоржынына Олимпиаданың тарихи медалін салған Нариман Құрбанов алдағы жоспары туралы айтты. Бұл туралы 1bol.kz жазды.

Спортшы енді отбасын құрмақ. Сүйіктісіне төртжылдықтың бас додасында мақсатына қол жеткізіп, шаңырақ құратынын айтып уәде берген екен.

«Медальді сезініп үлгерген жоқпын. Елге оралып, спорттық гимнастикаға қатысы бар адамдардың қолдауын, құттықтауын көргенде барып түсінетін шығармын. Ең алдымен үйленемін. Сүйіктім әбден күтті. Аидаға үш жылдан бері Олимпиада ойындары аяқталған бойда отау құрамыз деп уәде беріп келдім. Бұйыртса, сол уәдемді орындаймын», - деді Нариман.

Құрбанов спорттық карьерасын да жалғастырмақ, алдағы олимпиадалық циклде алтынға қол жеткізу мүмкіндігі жоғары екенін де қоса кетті.

«Мені алда күтіп тұрған келесі олимпиадалық цикл - 26 жастан 30 жасқа дейінгі аралық атта жұмыс істейтін гимнаст үшін шың саналады, сондықтан алтын медаль алуға мүмкіндік жоғары», - деді ол.

Сүйіктісі - Аида Бауыржанова да өзімен бірге өнер көрсетіп жүрген гимнаст.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды