Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын «капитан» әскери атағы берілді

05.08.2024, 13:05
1032
Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын «капитан» әскери атағы берілді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Қорғаныс министрлігі Ғұсман мен оның сыңарына капитан атағын берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын "капитан" әскери атағы берілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. 

Аға лейтенант Ғұсман Қырғызбаев – Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі.

"Отан алдындағы ерекше еңбегі, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жетістіктері және кәсібилігі үшін Ғұсманға және оның егіз сыңары, Орталық спорт клубы дзюдодан команданың бөлімше бастығы - аға жаттықтырушысы Ғұмар Қырғызбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті "капитан" әскери атағы мерзімінен бұрын беріледі", - деді Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов.

Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевқа "капитан" әскери атағын Олимпиада қорытындысы бойынша спортшыларға құрмет көрсету кезінде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тапсырмақ.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында 66 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол үшінші орынға таласта сербиялық спортшы Страхинья Бунчичті жеңіп, қола жүлде еншілеген еді. Осыған дейін Қазақстан дзюдо федерациясының өкілдері Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізгенін жазған едік.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды