«Такато екі кимоносын да сыйға берді»: Елдос Сметов жарысқа өз кимоносын тіктіріп үлгермегенін айтты

05.08.2024, 14:22
1495
«Такато екі кимоносын да сыйға берді»: Елдос Сметов жарысқа өз кимоносын тіктіріп үлгермегенін айтты бейнежазбадан алынған кадр

Такато өзінің киіп жүрген ақ кимоносын, әлі киілмеген көк кимоносын бере салды дейді чемпион.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов татамиге жапон дзюдошысының кимоносын киіп шыққаны туралы айтты. Бұл туралы Msports.kz жазды. 

Елдос Сметов Париж татамиінде әйгілі жапон дзюдошысы Наохиса Такатоның кимоносын киіп белдескен еді. Себебі 60 кг салмақ дәрежесінде Олимпиадаға баратын қазақстандық дзюдошы кеш анықталғандықтан, Сметов кимоно тіктіруге үлгермей қалған. 

"Олимпиада алдында кимононы тіктіріп күресемін деп ойладым. Токиода арнайы тапсырыспен жасатып күрескенмін. Бұл жолы да солай жасағым келген. Бірақ бұл жолы баратыным өте кеш анықталды. Тапсырысыма үлгермейтін болды. Такатомен бірдей өлшемде кимоно киемін. Тура тіктіру үшін одан рұқсат алуым керек. Ол тігетін компанияға рұқсатын беру керек. Одан кейін барып маған тігіп береді. Мен онымен сөйлесіп, кимоно тіктіріп беруін сұрадым. Ол сөйлесіп, уақытпен олар да үлгермейтінін айтты.

Енді не істеймін деп қиналып тұрғанымды көріп, Такато өзінің киіп жүрген ақ кимоносын, әлі киілмеген көк кимоносын Олимпиадаға бара жатсың, менің атымнан сый ретінде қабыл ал деп салып жіберді. Ұнаса жарысыңа киесің, ұнамаса жаттығуға киерсің. Менің достық сыйлығым болсын деген ниетпен берді. Екеуміз 6 рет кездесіп, бәрінде оған есе жібердім. Бірақ екеуміздің белдесуіміз әрқашан қызықты болған, соңына дейін күресетінбіз. 10 жылдан бері бір-бірімізді танимыз, жақсы доспыз", - деді Елдос. 

Желіде Елдос Сметовтың финалдағы жеңісінен кейін туды алып желбіретер сәтте ұйымдастырушылар кедергі жасап, туды тартып алуға тырысқаны түсірілген видео жарияланған еді. Чемпион бұл туралы пікірін айтты. 

"Бәрі тез болды. Дұрыс түсінбей де қалдым. Қолымнан туды алдырған жоқпын, жыққан жоқпын, жұлдырған жоқпын, ешкімге берген жоқпын. Соңына дейін өзім ұстап, өзім алып кеттім", - деді дзюдошы. 

Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанған соң, Париждегі такси жүргізушілерінің бірі оны танып, жеңісімен құттықтаған екен.

"Жарыстарға бару үшін такси жалдадық. Жүргізуші айнаға қарап қояды. Бір уақытта, "Are you Smetov?" деп сұрады. Иә, десем. "Olympic champion" деп құттықтап, қуанып жатыр. Парижде жұмыс істеп жүрген қарапайым адам қазақтың баласын танып қалғаны, мені таңғалдырды. Олимпиада чемпионы екенімді сезіндірді", - деді қазақстандық спортшы. 

Сондай-ақ Елдос Сметов жаттықтырушы болу ойда бар екенін, 36 жасында тағы бір Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін екенін айтты.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды