«Ұзақ күттік»: 50 жастағы Баян Мақсатқызы тағы да ана атанды
Үшінші сәбиін өмірге әкелді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер Баян Мақсатқызы мен бизнесмен Тұрсын Алагөзов қызды болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.
«Сені қатты күттік, 3 келі бақытым! Біз қызды болдық! Алагөзова... Тұрсынғалиқызы», - деп жазды продюсер өзінің желіде жариялаған постында.
Айта кетсек, продюсер, актриса Баян Мақсатқызы 9 қаңтарда 50 жасқа толған. 2017 жылы қазіргі күйеуі кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке тұрмысқа шықты. Бірінші некесінен екі қызы бар, екі жиені бар.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор