«Орамалың құтты болсын»: Ақбота Керімбекова өнердегі құрбысы Айгүл Иманбаеваның жаңалығын жариялады

Аиса Махамбет Редактор
05.08.2024, 17:18
1754
«Орамалың құтты болсын»: Ақбота Керімбекова өнердегі құрбысы Айгүл Иманбаеваның жаңалығын жариялады жеке парақшасынан

Ақбота Керімбекова құрбысы Айгүл Иманбаеваның өміріндегі өзгерісті жайып салды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі жеке парақшасына жазба жариялап, құрбысын құттықтады. 

“Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп. Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс істеп жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін! Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!”, – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, Ақбота өнер иесінің ұлының үйленгенін де айтып қойған еді.

“Жақында отбасында жақсы жаңалық болды. Ұлы үйленіп, келін әкелді. Бірақ халыққа жариялаған жоқ. Өйткені Айгүлдің әкесі о дүниелік болған күнімен тұспа-тұс келді. Сондықтан әзірге халық білмейді. Оқуын аяқтап келгеннен кейін үлкен той жасауға ниетті. Біздің қызметте жүретініміз анық. Айгүл – менің екінші ұлым Ақанның өкіл шешесі. Екеуміздің аналарымыз да жақын құрбы. Сол кісілердің сыйластығы Айгүл екеумізді құрбы етті”, – деген еді өнер қайраткері.   

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды