Түркістан облысында тойға барған бойжеткенді қалыңдықтың әпкелері ұрып-соққан

05.08.2024, 19:58
13065
Түркістан облысында тойға барған бойжеткенді қалыңдықтың әпкелері ұрып-соққан бейнежазбадан алынған кадр

22 жастағы Аделя Тұрсыманова сыныптасы шақырған тойға қонақ болып барған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Келес ауданында үйлену тойына барған қонақтарды бір топ қыз ұрып жіберген. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

22 жастағы Аделя Тұрсыманова сыныптасы шақырған тойға қонақ болып барған. Бірақ, тойға көңіл көтеру үшін барған оны қалыңдықтың әпкелері жабылып ұрып кеткен.

«Бірінші тілектен кейін үш құрбыммен сыртқа шықтым. Артымыздан шыққан қыздардың бірі мені қатты итеріп қалды, мен талып қалдым. Екінші қыз шашымнан жұлып, балағаттай бастады. Кейін бізді бір жігіт келіп айырып алды. Ал ол қыздар «енді сені көрсек, тағы таяқ жейсің» деп  айқайлады. Соққылардан менің басым мен денемде жарақат іздері өте көп», - дейді ол.

Жедел жәрдем қызметі Аделя Тұрсымановаға алғашқы көмек көрсеткен. Кейін соққы жасағандар келіп, кешірім сұрап, қорқытқан.

«Мені ұрған қыздардың туыстары келіп, кешірмесең, біз өзіміз 150 мың теңгеге мәселені шешіп аламыз деді», - дейді ол.

Түркістан облыстың соты құқық бұзғандарға қатысты дәлел таппаған. Сол себепті қылмыстық іс тоқтатылған. 

 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады