«Нұрбек мықты...»: украиналықтар Хижняк үшін алаңдап отыр

05.08.2024, 20:30
1220
«Нұрбек мықты...»: украиналықтар Хижняк үшін алаңдап отыр olympic.kz

Нұрбектің алтын алу мүмкіндігі көбірек екенін жазып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 7 тамыздан 8 тамызға қараған түні Астана уақытымен сағат  01:51-де 80 келі салмақтағы Нұрбек Оралбай Украинаның былғары қолғап шебері Александр Хижнякпен Олимпиаданың алтын медалі үшін жекпе-жекке шығады. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Қазір бокс сүйер қауым 24 жастағы Нұрбек Оралбай мен 29 жастағы украиналық спортшының жекпе-жегін қызу талқылап жатыр.

Еске сала кетсек, Хижняк Токио Олимпиадасында да финалға жетіп, чемпиондық атаққа бір қадам қалғанда бразилиялық Эберту де Консейсаодан нокаутпен жеңілген еді. Сондықтан украин боксшысы  биылғы финалда барын салатыны сөзсіз. Дегенмен Украина елінің жанкүйерлері әліптің артын бағып, Хижняк үшін алаңдап жатқанын жасырмайды.

Украинаның Tribuna, Sport.ua сайттары мен олардың Instagram-дағы парақшаларында жарияланған комментарийлерге қарағанда, Нұрбек Оралбаймен айқас оңай болмайды. Комментарийдің бірінде украин жанкүйері: «Оралбай мықты. Қазақ боксының бұрыннан қалыптасқан мектебі бар. Сондықтан Хижнякқа Оралбаймен бокстасу қиын болады», деген.

Қазақ жанкүйерлері де әлеуметтік желіде Нұрбек Оралбайға да оңай болмайтынын айтуда.

Нұрбек Оралбай мен Александр Хижняк былтыр алғаш рет Мажарстанның Bocskai István Memorial турнирінде шаршы алаңға шыққа болатын. Сол кезде төрешілер шешімімен украиналық боксшысы жеңіске жеткен еді.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды