Павлодарлық ағайындылар ер азаматтың мойнына гир тасын байлап, өзенге батырып жіберген

06.08.2024, 11:33
5548
Павлодарлық ағайындылар ер азаматтың мойнына гир тасын байлап, өзенге батырып жіберген ашық дереккөзден

Ағайындылар асқан жауыздықпен қасақана адам өлтірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ағайынды азаматтар алдын ала сөз байласып, адам өлтірген және үйінде заңсыз оқ-дәрілерді сақтап келген. Сот оларға  15 және 16 жылға бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады. Бұл туралы Kazinform жазды.

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ағайынды К.А. мен К.Д-ға қатысты алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіру және заңсыз оқ-дәрілерді иемдену және сақтау бойынша қылмыстық істі қарады.

«Ағайынды К., жәбірленуші Ж.-дан сатып алынған үйдің құнын төлемеуді ұйғарған. Сөйтіп алдын ала сөз байласа отырып пайдакүнемдік ниетпен әлгі азаматты өлтіруді ойластырған. Оны Железин ауданы Пятерижск ауылындағы өзен өткеліне апарып, қолын буып, денесіне салмағы 16 килограмм гир тасын байлап, суға батырып жіберген. Сонымен қатар К.А.-ның үйін тінту кезінде старттық тапанша мен атыс оқтары табылды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сот К.А.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша 16 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны белгілесе, ал К.Д.-ны 15 жыл мерзімге темір тордың ар жағына жөнелтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды