«Қытай қызы алдап кетті»: Назым халықтың үмітін ақтай алмағанына өкінді

07.08.2024, 09:01
1629
«Қытай қызы алдап кетті»: Назым халықтың үмітін ақтай алмағанына өкінді Тұрар Қазанғапов

Назым олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ қызы болғысы келгенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшыдан ұтылып, қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Kazinform жазды.

Жекпе-жектен кейін ол алтын медальға қол жеткізе алмағанына өкініп тұрғанын айтып, жылап жіберді.

«Негізгі мақсатым Париж Олимпиадасының алтыны болатын. Өкінішке қарай финалға жете алмай қалдым. Дайындығым барлығы өте жақсы болып еді. Бірақ, қытай қызы тактикалық жақтап алдап кетті. Негізі, менен бүкіл халық алтын күтті ғой. Мен сол күткен үмітті ақтай алмадым. Сол жағын ойлап, көңілім босап тұр. Арманым — қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы атану еді. Бірақ, бұйырғаны қола медаль болды», — деді Назым Қызайбай.

Деседе, Олимпиададан алған жүлдесін кімдерге арнайтынын да айтып өтті.

«Бұл Олимпиада жүлдесін қаншама жыл армандадым. Алтын болмағаны деген болмаса, бұл да медаль емес пе. Ең бастысы елге жүлдесіз қайтпағаным қуантады. Жүлдемді еліме, ата-анама, жанкүйерлеріме, командаластарыма арнаймын», — деді боксшы.

Айта кетейік, бүгін Назым Қызайбай ел қоржынына 3 қола жүлдені сыйлады. Әзірге ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды