«Осыған да шүкір»: Назымның ата-анасы жекпе-жек туралы

07.08.2024, 09:18
1569
«Осыған да шүкір»: Назымның ата-анасы жекпе-жек туралы Khabar

Назымның алғашқы олимпиададан жүлделі қайтуына қатысты пікір білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандасымыз Назым Қызайбайдың жекпе-жегін ата-анасы, туыстары мен спортшылар мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде тамашалады.

Былғары қолғап шебері Назымның әкесі Абай Қызайбайдың айтуынша, қытайлық боксшы да осал емес. 

«Алтын алады деп ойлап едік. Болмады. Қытайлық боксшы да осал емес. Осыған да шүкір. Қызыма қола медаль бұйырды. Қызым елге аман-есен оралсын»,- деді Назымның әкесі Абай Қызайбай.

Анасы Кәмшат Ахетқызы Назымның арманы орындалғанын жеткізді.

«Назымның арманы - Олимпиадаға бару еді. Сол мақсатына жетті.Жүлдегер атанып жатыр, қуаныштымыз. Қолаға қол жеткізді. Бұл да үлкен еңбек. Үлкен спорт додасында ел намысын барын салып қорғады»,- дейді Назымның анасы.

50 келі салмақта отандасымыз жартылай финалда қытайлық Ву Юмен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен ұтылды. Алайда, Олимпиада ойындарының қола жүлдесін қанжығасына байлады. Назымның бұл жүлдесі - ел қоржынына түскен үшінші қола медаль. 

Бұл – Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Ол осыған дейін әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол