Мен Нұрбекке де, бапкеріне де финалда не істеу керектігін айттым — Серік Сәпиев

07.08.2024, 13:50
1422
Мен Нұрбекке де, бапкеріне де финалда не істеу керектігін айттым — Серік Сәпиев sputnik

Серік Сәпиев алтын алатынымызға сенімді екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев парижге қазақ боксшыларын арнайы қолдауға келгенін айтты. Бұл туралы Kazinform жазды.

«Мен Парижге қазақ боксшыларына қолау көрсетуге келдім. Өкінішке қарай, бүгін Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық қарсыласына жол беріп, қола жүлдені қанағат тұтты. Әрине, өкінішті. Ол негізі алтын алатын қыз еді. Қолынан келгенінің барлығын жасады. Менің ойымша ол тактикалық жағынан жеңіліп қалды деп ойлаймын. Қарсыласы да оңай шағыла қалатын жаңғақ емес еді ғой. Ұтып кетті», — деді Серік Сәпиев.

Сонымен қатар Олимпиада чемпионы бар үміт Нұрбек Оралбайда қалғанын баса атап өтті.

«Ендігі үміт — Нұрбек Оралбайда. Бүкіл халық Нұрбекке сенім артып отыр. Ол украиналық боксшысымен чемпиондық атақты сарапқа салады. Нұрбектің қарсыласы физикалық тұрғыдан өте мықты боксшы. Ол Олимпиаданың күміс жүлдегері болған. Сондықтан, Нұрбекке ешқандай босаңсуға, қателік жасауға болмайды. Ол екеуі осыған дейін бір рет кездескен. Нұрбек бұл жолы қалай жұдырықтасу керектігін жақсы білуі керек деп ойлаймын. Өз басым, Нұрбекке де, жеке бапкеріне де финалда не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңесімді айттым. Украиналық боксшы көп жағдайда алдыға ұмтыла береді, ал Нұрбек бұндай кезде күтіп алып, тұрып берсе болғаны. Алтын біздікі деп ойлаймын», — деді Сәпиев.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды