1262

45 градус ыстық, жаңбыр, жел: 8-10 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта +38+45°С өте қатты ыстық, ал республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы +15+22°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

45 градус ыстық, жаңбыр, жел: 8-10 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" РМК 8-10 тамызға ауа райы болжамын жариялады.

8-10 тамыз аралығында еліміздің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады, ең қарқынды жаңбыр 8-9 тамызда батыста, 8-10 тамызда солтүстік-батыста, солтүстікте, 9-10 тамызда орталықта, 10 тамызда шығыста күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтілуде.

Еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта +38+45°С өте қатты ыстық, ал республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы +15+22°С дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

 

Материал авторы