«Жағымпазданбасаң, күн көрсетпейді»: чемпиондар мектебін қалыптастырған бас бапкер қазір еден жуып жүр

08.08.2024, 10:29
3208
«Жағымпазданбасаң, күн көрсетпейді»: чемпиондар мектебін қалыптастырған бас бапкер қазір еден жуып жүр коллаж smartnews.kz

Бапкерліктен шеттетілген Тұрсынғали Еділов бокс саласындағы шындықты жайып салды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, YouTube желісінде "Уақыт көрсетеді" арнасында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокстан Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділовпен сұхбат жарияланды.

Сұхбатта Париж Олимпиадасындағы боксшыларымыздың жаппай жеңілгені жөнінде айтылған.

"Олимпиадада бас бапкер жауапты. Ондай ірі жарысқа баратын мықтыларды кішігірім халықаралық жарыстарға апармау керек еді. Шымбергеновті неге апарады, Олимпиадаға? Ол 12 жыл олимпиадалық құрамада жүр, оның орнына жас күштерді апару керек қой. Ат та 12 жыл шаппайды ғой. Бұл жерде бас бапкердің білімі керек. Бір шәкіртін 3 Олимпиадаға апару деген болмайды ғой. Басқа да мықты боксшыларды үлкен жарыстарға тарту керек", – дейді ол.

Елішілік бокс бәсекесінде шәкірттері ойсырай жеңілсе де, кей бапкерлердің намысқа тырыспайтынына күйіне сөйлеген Еділов кезінде Олимпиадада 2 алтын 2 күміс алып келсе де, өзі ескерусіз қалғанын қынжылыспен жеткізді.

"Бізде қазір бокске бөлінетін қаражат футболға бөлінетін ақшадан 2 есе көп. Баяғыда бізге 15 боксшыға, 2 жаттықтырушы мен 1 дәрігерге ғана ақша бөліп, болашақ чемпиондарды дайындататын. Оның өзінде әуелі біз өз ақшамызбен жаттықтырып, үкімет бөлген қаржыға 2-3 айдан кейін ғана қолымыз жетуші еді. Қазір ше? Қазір 100 бала дайындық кезеңінде жаттығып жатыр. Бірақ, нәтиже жоқ. Біз Токио Олимпиадасынан кейін-ақ дабыл қағып, қазақ боксындағы жүйені түгел өзгертуіміз керек еді", – дейді Тұрсынғали Еділов.

Үлкен спорт пен жеке өмірінде кездескен түрлі жайтты сөз ете отырып, белгілі бапкер ел ішінде адамгершілік пен ұяттың жоғалып бара жатқанын да ашына сөз етті.

"Бізде көреалмаушылық басым. Біреуге жағымпазданбасаң, күн көрсетпейді. Ал, менде ондай мінез жоқ. Кезінде мені де қызғанышпен үлкен спорттан шеттеткен. Өзбектерде ұйымшылдық пен тәрбие бар. Бір мықты шықса, бірден көтермелеп, демеу береді. Әрине, ондай ұлттан чемпиондар көптеп шығады. Бізде тәрбие жетпейді", – деп қынжылды Тұрсынғали бапкер.

Өмірде көрген әділетсіздіктерін қозғай отырып, Еділов: "Бәлкім, Париждегі жеңілістеріміз алда үлкен жеңістерге бастайтын сабақ болар деп ойлаймын. Қазақ боксын көтеру үшін, бізге үлкен өзгерістер керек, мүмкін, сол үшін болып жатқан жеңілістер шығар" деген оптимистік ой да айтады.

Бұл сұхбатта "сақал" тақырыбы да сөз болды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды