«Уағыз айтқаным жоқ»: Елдос Сметов брифиңге сақалын алып келді

Аиса Махамбет Редактор
08.08.2024, 13:13
1927
«Уағыз айтқаным жоқ»: Елдос Сметов брифиңге сақалын алып келді бейнежазбадан алынған кадр

Ол «Алла қарсыласымды кішкентай қылып көрсетті» деген діни әңгімелері үшін сынағандарға жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дзюдодан Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов көпшілік арасында талқыға түскен сөздеріне қатысты пікір білдірді.

Күні кеше әлеуметтік желіде Елдос Сметовтің жақындарының арасында: «Олимпиадада дұғаның қабыл болғанын сезіндім. Қарсыластарым көзіме кішкентай болып көрінді» деп айтқан видеосы тараған болатын.

Осыдан кейін әр түрлі пікірлер жазылды. Бүгін Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дзюдошыға журналистердің бірі осынау видеоролик пен жұрттың сынынан қатысты пікір сұрады.

«Білмеймін, бұл жерде ешқандай жаман сөз айтылмаған секілді. Уағыз форматында да айтылған дүние емес. Бұл менің басымнан өткен жайт, сол әсерді өзгелермен бөлістім. Арнайы адамдарды жинап, уағыз айту деген мақсат болған жоқ. Жақындарымның арасында, қуанышымды бөлісу мақсатында, жеңіске қалай жеттім, соны жеткізу мақсатында айтылған дүние еді. Бірақ оның бәрі жаман тәрбиеге шақыратын сөздер деп ойламаймын. Өзгелердің шашын, қасын бояп, құлағын тесіп жүргеніне қарағанда, осындай әңгіменің көп болғаны, оның тарағаны дұрыс деп ойлаймын», - деді Елдос Сметов.

Елдос Сметов – үш бірдей Олимпиада ойындарында жүлде алған жалғыз қазақстандық спортшы. Ол Риода – күміс, Токиода – қола және Парижде алтын медаль иеленді.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды