«Ажырассаң ажалың менен болады» деді»: Индира Елемес күйеуінен қорлық көріп жүргенін жасырмады

Аиса Махамбет Редактор
08.08.2024, 14:41
1506
«Ажырассаң ажалың менен болады» деді»: Индира Елемес күйеуінен қорлық көріп жүргенін жасырмады бейнежазбадан алынған кадр

19 жас үлкен күйеуі өзін күні бойы аңдып отыратынын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Индира Елемес жеке өмірінен сыр шертіп, күйеуінің бақылауынан шаршағанын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Бүгінде өнер иесі өзінен 19 жас үлкен күйеуінен шаршағанын “Мамский әңгіме” подкастында айтты. 

Менің Индира Елемес болып қалыптасуыма күйеуімнің еңбегі зор. Оған тұрмысқа шыққаннан кейін, тойға шығуды ұмыттым. Тек сахнада өнер көрсеткенімді қалады. Оған да келістім. Ол кісінің түсінігінше, табыс сахнадан да түседі. Тіпті бір жыл тек үйде отырдым. Үйленгеннен кейін, бір айдан кейін бақылауды күшейтті. Оған дейін анамның ғана бақылауын естігенмін. Бақылау болғанда, ана болғасын баласын уайымдайды. Барлық мамалар секілді, қайда жүрсің, қашан келесің деген әңгіме ғой. Жолдасым телефонымды ақтара бастады. Әлеуметтік парақшамның құпиясөздерін сұрады. Шынымды айтсам, қазір ешқандай әлеуметтік желідегі парақшаларымның құпия сөзін білмеймін. Жеке нөмерім де жолдасымның атына тіркелген. Менің ішкі ойым үнемі қорқынышта өмір сүретін едім. Ол кісіні сыйлағаным сонша, ренжітіп алуға қорқатынмын. Бір уақытта TikTok шыққан кезде менің түсірген контенттерім көп қаралым жинай бастады. Бірақ өзімде жеке парақша болмады. Соны бір күні жолдасыма айтқанда, “Ол жақта бұзылған қыздар отырады” деді. Содан қайтып, ол әңгімені қозғаған емеспін. Міне, осындай әңгімелер кезінде ұрыс шығып кетсе, мен қатты қорқамын. Бір күні ашайын деп сұрағанымда, құпиясөзін өзіне жазып алды. Міне, осындай өмірді сүріп жатырмыз. Қатты шаршап кеттім. Тіпті, телефонына локатор, көлігіме GPS орнатып қойды. Таныстарым көріп, шок болған. Өзім де басында таңғалдым, кейін үйреніп кеттім. Қазір ажырасуға дайынмын. Бірақ ол кісі келіспей отыр. Мен Салтанат Нүкенованың күйін кешемін ба деп қорқамын. Шатасып кеткен жіп секілді отырмын. Бірақ тынысым тарылып барады. Бір күні ажырасамын сенімен деп ұрыс шығардым. “Ажалың менен болады” деді. Ол өлтіремін деген сөз емес па?! Балаларым үшін қорқамын, – деді әнші. 

Эстрада жұлдызының айтуынша, бұрын-соңды ешжерде жеке өмірі туралы айтпағанын жасырмады. 

Мен бұрын жеке өмір жеке болып қалуы керек деп ойлайтынмын. Өнеріммен, әніммен халықтың жүрегінен орын аламын деп қана ойладым. Сөйтсем, мүлде олай емес екен. Өзім шынайылықты жақсы көремін. Әлеуметтік желіде әншілігім туралы емес, жеке өмірім туралы өте көп сұрақ келетін. Статусыңыз қандай, неше балаңыз бар, қай жылдан бері тұрмыстасыз деген сияқты. Мәссаған деп таңғалдым, – деп жауап берді Индира Елемес. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды