«Әйелі бар екенін білдім»: Индира Елемес күйеуінің екінші зайыбы болып тұрмысқа шыққанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
08.08.2024, 16:16
11075
«Әйелі бар екенін білдім»: Индира Елемес күйеуінің екінші зайыбы болып тұрмысқа шыққанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Әйелі барын біле тұра екіншісі боп тұруға келіскен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Индира Елемес жеке өмірі туралы жан сырын ақтарып, тұрмысқа шыққан кезін еске алды. Өнер иесі жолдасының әйелі бар екенін біле тұра оған тұрмысқа шыққанын растады, деп KAZ.NUR.KZ жазды.

Индира Елемес күйеуімен қалай танысқанын "Мамский әңгіме" подкастында баяндады.

"Жолдасыммен кездейсоқ таныстым. Аузында Алласы бар, иманды кісі болды. Бірден жақсы сөйлесіп кеттік. Ол кісі шетелден келгеннен кейін бәрі тез болып кетті. Үлкен ұсыныс болған жоқ. Бізде той болған жоқ. Ақ көйлек те киген жоқпын. Арманда қалған қызбын. Бұл менің тағдырым шығар деп ойладым. Көзімді жұмдым да, қолынан ұстап, артынан кеттім. Ол кісі менен 19 жас үлкен. Сол кезде тойларға көп шығып жүрдім. Ер кісілер көп тиісе бастады. Қасымда арқа сүйер ер азаматым болса деп армандадым", - деді әнші. 

Сонымен қатар Индира Елемес жолдасының келіншегі бар екенін біле тұра екінші әйелі болуға келскенін мойындады.

"Ол уақытта ол кісіде екі отбасы болды. Бірінші әйелі және мен болдым. Ол кісінің әйелі бар екенін білдім. Ойланып қабылдаған шешімім болды. Оның рұқсатын алғанын не алмағанын білмеймін. Бірақ некемізді қидық. Бірінші әйелімен де заңды түрде некеде емес. Жай ғана бірге тұрады. Әйелі келіп, айқай-шу шығарған емес. Мен жайлы өмір сүрдім деп айта аламын. Себебі маған бар қамқорлығын көрсетті. Мен ол кісіге "Сіз маған күйеуім ғана емес, әкемдейсіз, ағамдайсыз. Тағдырымды сізге тапсырдым. Бірақ мені ренжітпеңіз" дедім. Мен өнерден кетпейтінімді басында-ақ айтқанмын. Ол кісіге бәрін кешіремін. Тек опасыздықты кешіре алмайтынымды айттым", - деді өнер иесі.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды