«Күйеуімнің не айтқанын білмеймін»: Индира Елемес әріптесі Ерке Есмаханмен не үшін араласпай кеткенін түсіндірді

Аиса Махамбет Редактор
08.08.2024, 17:42
2764
«Күйеуімнің не айтқанын білмеймін»: Индира Елемес әріптесі Ерке Есмаханмен не үшін араласпай кеткенін түсіндірді жеке парақшасынан

Индира Елемес тұрмысқа шыққаннан кейін өнердегі құрбыларымен араласпай кеткенін Мамский әңгіме подкастында ашып айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесінің жолдасы құрбы-құрдастарымен және өнердегі әріптестерімен араласуына қарсы болған көрінеді.

“Өнердегі ең алғашқы продюсерім – Мөлдір Әуелбекова еді. Тұрмысқа шыққаннан кейін араласпай қалдым. Жақын деген құрбыларымнан алыстап кеттім. Одан кейін Ерке Есмаханмен жақсы араластым. Ол кезде хит әндерді орындап жүрген еді. Мен болсам енді шығып келе жаттым. Екеуміздің үйіміз жақын болды. Көп сырласатын едік. Өте жақсы қыз. Әншілігінен бөлек, адамгершілігі де керемет болатын. Менімен тең дәрежеде сөйлесетін. Бағыт-бағдар берді. Жолдасым ол кісімен де араластырған жоқ. Ерке мені өзінің гастролдік сапарларына қоспақшы да болды. Кейін жолдасымның не дегенін білмеймін, бізге ренжіп қалды. Ерке екеуміздің арамызда ешқандай да кикілжің болған жоқ. Бірақ қазір араласпаймыз” – деді әнші. 

Эстрада әншісі тұрмысқа шыққаннан кейін өнерден қол үзіп қалғанын жасырмады. 18 жасында ана атанған әншінің тұңғышы 13 жаста екен. 

“Тұрмысқа шықпастан бұрын тойда ән айтатын едім. Табысым да жақсы болды. Бір аптада 3-4 тойға бардым. Тұрмысқа шыққаннан кейін бәрі қалды. Күйеуім қарсы болды. Тіпті маникюр жасатпадым. Дүкенге азық-түлік алуға да шықпадым. Өйткені бәрін жолдасым әкелді. Коммуналды шығынды да өзі төледі. Келін болған соң үй шаруасымен де айналыстым. Шынымды айтсам, балама көңіл бөлетін уақытым да, мүмкіндігім де болмады. Ол үшін өзімді кішкене біртүрлі сезінемін. Кей кезде тіпті өзімді жек көрем, бірақ енді не істеймін, сол кезде солай болуы керек болған ғой. Баламды асырау үшін тамағына ақша табу керек болды. Білмеймін, мен бұл жағдайды сізге айтып түсіндіре алмаймын. Бірақ кейін ұлымды саналы түрде босандым. "Мен анамын ғой" деген сезіммен ұлымды қалап, дүниеге әкелдім. Алладан сұрап алдым", – деді отандық шоу-бизнес өкілі.  

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады