Демеу Жадыраевқа Парижде 10 мың жанкүйер құрмет көрсетті (ФОТО)
Демеудің қолтаңбасы мен селфиіне таласты жұрт.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанған Демеу Жадыраев «Чемпиондар» саябағындағы атлеттерді құрметтеу кешіне қатысты.
Франция астанасында өткен шарада Қазақстан спортшысын 10 мыңнан астам жанкүйер қарсы алып, құрмет көрсетті. Демеу Жадыраев көпшілік алдына шығып, жанкүйерлерле қолтаңба таратып, суретке түсті. Сондай-ақ, балуан спорттық әдістерін жасап, мастер-класс көрсеткен.




Суреттер: Тұрар Қазанғапов
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші