«Жаттығуға барахолкадан жаяу келетін»: федерациясының басшысы Жадыраевтың ел білмейтін қасиеттерін айтты

09.08.2024, 15:05
2111
«Жаттығуға барахолкадан жаяу келетін»: федерациясының басшысы Жадыраевтың ел білмейтін қасиеттерін айтты olympic.kz

Демеуді олимпиададан қарсы алуға дайындық басталып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облыстық күрес федерациясының басшысы әрі бұрынғы балуан Дамир Күзембаев Париж Олимпиадасында күміс медаль иеленген Демеу Жадыраевтың ерлігі жайлы айтты. Бұл туралы sportbugin.kz жазды.

Федерация басшысының пікірінше, Демеу жыл өткен сайын шебергілі артып, салмақ ауыстырған сайын нәтижесі жақсара түскен бірегей балуан.

«Мен күресіп жүргенде, Демеу екеуміз бір бөлмеде тұратынбыз. Оның еңбекқорлығы мен адамгершілігі жайлы таңды таңға ұрып әңгімелеуге болады. Әлі есімде, Спорт және туризм академиясында бірге оқыдық. Сол кезде ол «Барахолка» базарының артқы жағында тұратын. Сол жерден академияға жаяу келеді. Сабақтан шыққан соң «Достық» залына жаттығуға барады да, әрі қарай жаяу үйіне қайтады. Ойлаңызшы, қаншама шақырымдарды басып өтеді?!

Қиындықтан қашпайтын, өте еңбекқор жігіт. Әрдайым көмектесуге дайын тұрады, адамгершілігіне бас иемін. Ал оның кітапқа деген махаббаты бөлек әңгіме. Жаттығу жиынына келген сайын өзімен бір кітап алып келетін де, соны жиын біткенше оқып тастайтын. Демеу сияқты кітап оқитын адамдар да аз шығар қазір. Демеудің бұл жеңісі бізді серпілтіп тастады. Бұл қазақтың күмісі ғой. Оның барлық еңбегі өтеліп, қиыншылықтары артта қалып, Олимпиада тұғырында қасқайып тұрғанына қуаныштымын», — дейді Күзембаев.

Сондай-ақ облыстық федерация басшысы Демеу Жадыраевтың Париждегі белдесулеріне баға берді.

«Демеу бұрын 66 келіде күресетін. Рио Олимпиадасынан кейін 71 келіге ауысып, Париждегі әлем чемпионатында күміс медаль иеленді. Токио Олимпиадасына 77 келі салмақта барып, алғашқы ондыққа кірді. Ол өткен Олимпиадада жаман күрескен жоқ. Кішігірім қателік салдарынан жеңілді. Былтырғы әлем чемпионатында да жүлде алатын жерден сүрінді. Ал осы жазғы ойындарға Демеу бабында барыпты. Оның күресі мүлде өзгерген, жетілген. Қатты қуандық. Демеу қай салмаққа барса да, одан сайын жетіле түсетін, шыңдала түсетін, нәтиже көрсетпей кетпейтін жігіт. Демеудің күмісі біз үшін алтынмен бірдей», — дейді ол.

Қазіргі таңда Алматы облыстық күрес федерациясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Олимпиаданың күміс жүлдегерін құрметпен қарсы алуға дайындалып жатыр.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады