Легионер палуан жарыс бастала сала жеңіліп, елімізді масқара қылды

09.08.2024, 17:31
1286
Легионер палуан жарыс бастала сала жеңіліп, елімізді масқара қылды olympic.kz

Олимпиада алдында Ақтөбе әкімдігінен пәтер, көлік пен ақша алған легионер Юсуп Батырмырзаев Парижде оңбай ұтылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпадасында еркін күрестен аса ауыр салмақта белдескен Юсуп Батырмырзаев алғашқы айланымда оңбай ұтылып қалды. Оны Дағыстаннан алдырған.

Польша өкілі Робер Баранмен белдескен легионер балуан өз мүмкідігін пайдалана алмады. Ол бірінші кездесудің бірінші кезеңінде 1:0 есебімен қарсыласын алға шығарса, екінші бөлігінде тағы үш ұпай беріп қойды.

Осылайша сенім артқан балуан жарыстың алғашқы айналымынан аса алмай отыр. Енді Польша балуаны финалға шықса ғана Батырмырзаевқа жұбаныш белдесуіне мүмкіндік тумақ.

Ақтөбе облысының атынан күресетін легионер биыл сәуір айында Бішкек қаласында Олимпиада жолдамасына ие болған еді. Елге оралғаннан кейін оған Ақтөбе облысының әкімдігі екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған болатын. Сондай-ақ, оған жергілікті жанкүйерлер көлік мінгізіп, 5 000 АҚШ долларын сыйға тартты.

Батырмырзаев 2021 жылы Токио Олимпиадасына қатысып, іріктеу кезеңдерінде есе жіберді. Биыл ақпан айында Астанада өткен ел чемпионатында еркін күрестен 125 келіде ел чемпионы атанды.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды