1425

Қола жүлдегері Мұхамед Франция полициясы қамауға алды

Танымал палуан бейтаныс әйелге жасаған сексуалды әрекеті үшін Парижде ұсталды.

Қола жүлдегері Мұхамед Франция полициясы қамауға алды
photo.uww.org

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Токио олимпиадасының қола жүлдегері, мысырлық танымал балуан Мұхамед Елсайед Парижде қамауға алынды.

Спортшы сексуалды әрекеттері үшін ұсталған. Le Parisien мәліметінше, 26 жастағы африкалық балуан Париждегі 13-округ учаскесінде отыр.
Ол бейтаныс әйелдің қасында өзін әдепсіз ұстады деген күдікке ілікті. Оқиға 9 тамыз күні болған. Мысырлық сол күні дәмханадан мас күйде шығып, өзгелерге тиісе бастаған.

Зардап шеккен әйелдің шағымынан соң полиция тез арада тергеуді бастаған.

Осымен Париж олимпиада ойындарына қатысуға келген екінші спортшы полицияға түсіп отыр. Бұған дейін кокаин сатып алды деген австралиялық хоккейші Том Крейг ұсталып, кейіннен босатылған еді.

Материал авторы