2457

«Қызы қайсы, шешесі қайсы?»: Тұрсынбек Қабатовтың қыздары мен әйелінің үйрек биі жұртты шошытты (ВИДЕО)

Инкубатордан шыққан ба шиқылдап деп жазды.

«Қызы қайсы, шешесі қайсы?»: Тұрсынбек Қабатовтың қыздары мен әйелінің үйрек биі жұртты шошытты (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова қыздарымен түскен бейнежазбаны жариялады.

Бейнежазбада әзілкештің әйелі мен үш қызы билеген.

Бір позитив болсын бізден, - деп жазған өнер иесі.

Жазбаның астына көпшілік түрлі пікірлерін қалдырып, билеріне қатты таңғалған.

«1-ші тұрған анасы деп қалдым», «Қызы қайсы, шешесі қайсы?», «Мөлдіркен, ең бақытты жансың. Таза өзің өсірген балапандарыңмен құрдастарша билеп тұрсың», «Қыздарыңыз өзіңіздің копияңыз болып қалыпты», «Өзіне подружкалар туып алған Мөлдір», «Мөлдір қайсы деп іздеп тұрған жайым бар енді», «Матрешка ойыншық бар ғой, бірінің ішінен бірі шығатын», «Инкубатордан шыққан ба шиқылдап», - деп жазды олар. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор