Найзағай, бұршақ, жаңбыр: 12 тамызға арналған ауа райы болжамы

12.08.2024, 09:00
601
Найзағай, бұршақ, жаңбыр: 12 тамызға арналған ауа райы болжамы el.kz

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, cиноптиктер 12 тамызда Қазақстанның 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.

Алматыда жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысының солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі бар, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа, батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығысытан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды