Демеу Жадыраевқа Land Cruiser 300, екі бөлмелі пәтер, бір үйір жылқы, 50 мың доллар сыйға берілді

12.08.2024, 09:45
3601
Демеу Жадыраевқа Land Cruiser 300, екі бөлмелі пәтер, бір үйір жылқы, 50 мың доллар сыйға берілді бейнежазбадан алынған кадр

Алматы мен Жетісу облыстары жарысып сыйлық табыстап жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасында 77 келі салмақта грек-рим күресінен күміс жүлде иеленген Демеу Жадыраевқа екі күннен бері көрсетіліп жатқан қошемет ерекше.

Күні кеше елге оралған спортшыға Алматы мен Жетісу облыстары жарысып сыйлық жасауда. Алматы облысы Талғар қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев спортшыға «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты. Анасы Күлипа Бижановаға салтанатты түрде құрмет көрсетіп, Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілтін табыстады.

Ал туған жері Панфилов ауданында спортшыға Toyota Land 300 және 50 000 доллар берілді. Одан бөлек, алдына 1 үйір жылқы салып берді.

Спортшының алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков және жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа Haval көлігін мінгізді.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды