Тұрлыханов қанша жағдай жасалса да, жүлдесіз қалған балуандардан көңілі қалғанын айтты

12.08.2024, 09:59
2455
Тұрлыханов қанша жағдай жасалса да, жүлдесіз қалған балуандардан көңілі қалғанын айтты жеке парақшасынан

Ол спортшылардың дайындық жүйесіне үлкен өзгерістер жасау керегін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақтың даңқты балуаны Дәулет Тұрлыханов Kazinform тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында балуандардың Олимпиададағы көрсеткішіне көңілі толмағанын жеткізді.

Ол ел намысын қорғаған спортшылардың жеңіске деген құлшынысы болмағанын айтады.

«Шынын айту керек, өз басым қазақ балуандары кемі 2-3 медаль алады деп ойладым. Бірақ, күрестің аты – күрес, Олимпиада ойындарына ең мықты деген балуандар ғана келеді. Сондықтан, тек мықтылар ғана жеңіп шығады. Біздің балуандарда жеңіске деген құлшыныс оты жанбады», – деді Дәулет Тұрлыханов.

Тұрлыхановтың айтуынша, Демеу Жадыраев балуанға тән мінез көрсеткен.

«Жасыратыны жоқ, Демеу бауырымызда ғана көзінде от ойнап тұрды. Жеңіске деген құлшынысы да басқа балуандармен салыстырғанда өзгеше болды. Барын салды. Аянып қалмады. Финалдың өзінде күмісте тұрғанын біле тұрып, алтын медаль үшін шын пейілімен, жүрегімен, жан-тәнімен арпалысты. Ол нағыз спортшыға, балуанға тән мінез көрсетті. Өзге балуандарымыздың күресіне көңілім толған жоқ. Демеу алтын алса екен деп армандадым, бірақ, өкінішке қарай күміс бұйырды. Олимпиада ойындарында күмістің өзі кез келген спортшыға бұйыра бермейді», – деді Дәулет Тұрлыханов.

Бозкілемде жеңіліс табуына балуандардың өздері кінәлі екенін және бапкерлерден олқылықтар кеткенін атап өтті.

«Ең бірінші спортшылардың дайындық жүйесіне үлкен өзгерістер жасау керек деп ойлаймын. Барлық жағынан өзгерістер керек. Мемлекет тарапынан, министрлік тарапынан, федерация тарапынан, Ұлттық олимпиадалық комитеті тарапынан тиісті шаралар қабылдануы керек. Олимпиада ойындарына дейін балуандарымыз оқу-жаттығу жиындарын өте жоғары деңгейде өткізді. Мемлекет тарапынан барлық тиісті қаражат уақытылы бөлінді. Бірақ, кейбір балуандарымыз Парижде жақсы өнер көрсете алған жоқ. Енді, мүмкін, балуандарымыздың психологиялық жағын, мүмкін жас шамасы жағын қарастыруымыз керек шығар. Қазіргі балуандарымыздың жас шамасы да біразға келіп қалған. Жалпы, күрес түрлерінен келесі Олимпиадаға іріктеуді мүлде өзгеше қабылдау керек», – деді Дәулет Тұрлыханов.

8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады