«Өтемақы ретінде тек 160 мың теңге берген»: Қарағанды облысында дәрігерлер 12 жыл бұрын науқастың ішінде хирургиялық қысқышты ұмытып кеткен

12.08.2024, 15:32
906
«Өтемақы ретінде тек 160 мың теңге берген»: Қарағанды облысында дәрігерлер 12 жыл бұрын науқастың ішінде хирургиялық қысқышты ұмытып кеткен бейнежазбадан алынған кадр

Қарағанды облысында дәрігерлер операция жасаған кезде зейнеткердің ішінде хирургиялық қысқышты ұмытып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отадан кейін ауруының себебін білмеген Бектұр Тоқмағанбетов 12 жыл бойы ем алып келген. Науқас қазір қаншама жыл бойы ауруына себеп болған дәрігерлерді кінәлап, істегендерін өтеуі керек деп талап қоюда. Бұл туралы Stan.kz жазды.  

Науқастың айтуынша, ол ішіндегі темір қысқышпен 12 жыл өмір сүрген. Осы уақыт ішінде өзін нашар сезініп, компьютерлік томография пайда болғанға дейін ауруының себебін білмеген.

Бектұр Тоқмағанбетовқа кейін ота жасалған. Бірақ дәрігерлерге деген өкпе қалып отыр. Айтуынша, отбасы осы жылдар ішінде дәрі-дәрмек сатып алуға және тұрақты тексерулерге көп ақша жұмсаған. Ер адам сотқа жүгініп, онда ол әр жылы үшін 3 миллион теңге талап еткен. Бірақ сот оған небәрі 160 мың теңге өндіріп берген. Отбасы бұған келіспей депутаттар мен президенттен көмек сұрады.

“Бұл медициналық қателік күйеуімнен 12 жылдық саулығын алды. Денсаулық сақтау саласынан әр жыл қиналғаны үшін 3 миллион теңге талап еттік. Алайда сот әр жылға 160 000 теңге жеткілікті деп шешті. Құрметті депутаттар, бұл әділ сома деп ойлайсыз ба?” – деді Бектұр Тоқмағанбетовтың жұбайы.

Ол депутаттар денсаулық сақтау мәселесін үкімет деңгейінде көтеруі керек деп санайды.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді