«111 млн теңгенің дауы»: Боксшы Серік Сәпиевке сот қаулы шығарды

13.08.2024, 09:17
2434
«111 млн теңгенің дауы»: Боксшы Серік Сәпиевке сот қаулы шығарды жеке парақшасынан

Сәпиевті сот отырысына мәжбүрлі түрде жеткізу тапсырылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұрынғы спорт істері жөніндегі комитет төрағасы Самат Ерғалиевтің қылмыстық ісі бойынша Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты дүйсенбіде Сәпиевті мәжбүрлі түрде әкелу туралы қаулы шығарды. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Бұл шешім Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 157-бабына сәйкес қабылданды.

Судья Сәпиевке сотқа келу қажеттілігі туралы екі рет хабарланғанын, бірақ ол келмеу себебін немесе оған кедергі болған жағдайларды сотқа ескертпегенін атап өтті. Осыған байланысты сот Сәпиевті келесі отырысқа мәжбүрлі түрде жеткізуді тапсырды.

Іс Самат Ерғалиевке қатысты 361-баптың 3-бөлігі бойынша қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану туралы айыптарға байланысты өтіп жатыр. Тергеу нұсқасы бойынша Ерғалиев Алишер Аймұхамбетовті жұмысқа қабылдау кезінде заң бұзушылықтарға жол беріп, соның нәтижесінде соңғысы заңсыз түрде 111 миллион теңгеден астам пайда көрген.

Ерғалиевтің адвокаты Ерлан Макенов оның клиенті Аймұхамбетовті жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарды тексермегенін, бірақ төлемдерді бекітуге құқығы болмағандықтан, ешқандай әсер етпегенін алға тартып отыр.

Жағдайды ушықтыратын тағы бір факт — сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша шахматтан бас бапкер Максим Рожковтың сөзі. Ол өзі мен жұбайы 250 мың долларды Самат Ерғалиевтің орынбасары болған Алексей Крючковқа бергенін мойындады. Себеп ретінде олар жұмыстан айырылып қалудан қорыққанын атап өтті.

Күдік тудыратыны — Крючковтың бұл істе басты тұлға бола тұра, әлі күнге дейін тергелмегені болып отыр.

Келесі сот отырысы және Серік Сәпиевтің мәселесі 13 тамызға белгіленді.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді