«Мені онша жақтырмайтын»: әзілкеш Мереке Қалбаева енесіне пәтер алып берді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
13.08.2024, 10:10
3327
«Мені онша жақтырмайтын»: әзілкеш Мереке Қалбаева енесіне пәтер алып берді (ВИДЕО) жеке парақшасынан

Енді енемізбен көрші боламыз деп қуанды ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева енесіне су жаңа пәтер сыйлап, қатты қуантты. 

Өнер иесі күйеуінің анасына үйді өздері тұрып жатқан үйдің жанынан алып берді. 

“Аналар бар жақсыға лайық. Үйіңіз құтты болсын, асыл енешім. Мамам үйге келгенде құт-береке орнайды ғой, үйдің аурасы өзгеріп күштіі болып кетеді. Енді Ару апасымен күндіз-түні бірге. Қуана білгенге құт қонады. Жұғысты болсын! Енді енемізбен көрші боламыз", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Әзілкештің айтуынша, басқа келіндер секілді ол да енесімен ара қатынасы жақсы болмағанын жасырмады. Алайда бүгінде бәрі реттелген көрінеді. 

“Бастапқы кездерде енем Арсенді менен қатты қызғанып, мені онша жақтырмайтын. Мен де енеме жақын емес едім. Мамамды қатты сыйлап, жақсы көріп кетуіме өзімнің анам себепші болды. Өз мамам "Мереке, сенің енең екі ұлын өзі жалғыз өсірді. Солар үшін өмір сүрді. Ұлдарын үйлендірді. Ал өзі үйінде жалғыз, күнде түнде қорқып ұйықтап, қорқып тұрады. Сендер ұятсыз екенсіңдер. Сендердің орындарыңда болсам енеңді қолыма алар едім. Бала-шағаң әжесін күнде көріп өседі. Арсеннің де көңілі тоқ болып жүрер еді" дегенде жылап жібердім. Енемді қатты жақсы көріп кеттім. Өзімнің нашар қатын екеніме көзім жетті. Сөйтіп сыйлық жасап, қыдыртып жіберейік деп Шымкентке шақырып алдық. Жақында туған күні", – деп жазды әзілкеш. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді