«Жаман иісі болғандықтан, мысықты азаптадым»: Петропавлда әйел қызын қорғау үшін аулада жүрген қызды ұрып тастады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
13.08.2024, 10:28
781
«Жаман иісі болғандықтан, мысықты азаптадым»: Петропавлда әйел қызын қорғау үшін аулада жүрген қызды ұрып тастады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

10 жасар қыздың шашын жұлды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавлда әйел өзінің қызын жақтап, аулада жүрген 10 жастағы қыздың шашынан жұлды. Оқиғаға қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің дерегіне сенсек, келеңсіз жайт екі күн бұрын қаладағы Ухабов, 2 көшесіндегі аулада болған. Желіде тараған кадрлардан әйелдің жасөспірім қызға келіп, қоқан-лоққы көрсетіп, шашынан жұлғанын көруге болады. 

Қыздың әпкесі Дарья Смольникова оның №17 мектепте оқитынын айтты. Қазір Алиса Смолькова бесінші сыныпқа барды. Әпкесі қыздың белсенді әрі жан-жануарға өте қамқор екенін, сондықтан жеті-он жас шамасындағы балалардың мысықты қалай қинап жатқанын көргенде қасынан жайбарақат өте алмағанын айтады.

"Менің сіңілім Алиса Петропавл қаласы Радищев көшесі, 35 мекен-жайындағы аулада қыздардың қолындағы қораптан шалажансар жатқан мысықтың баласын көрген. Ол бірден ветеринарға апарған, алайда маман мысықты құтқаруға кеш екенін, өлетінін айтқан. Алиса оны үйге әкелген соң, жануар бірнеше сағаттан кейін өлді. Алиса қораптың иесі қызға барып, одан мысыққа не болғанын білмек болған. Бірақ ол "жаман иісі болғандықтан, мысықты мен азаптадым" деп айқайлай бастаған. Алиса жануарларға бұлай қарау дұрыс емес екенін айтып, басқа қызды итеріп жіберді. Дарияның айтуынша, оның тарапынан ешқандай соққы болмаған. Итеріп жібергеннен кейін қыз анасына шағымданған. Қыздың анасы жүгіріп шығып, жиеніме айқайлап, шашын жұлды. Әйел полицияны өзі шақырып, арызданды. Енді полиция Алисаны тәрбие көрмеген деп есепке алайын деп жатыр", – деп жазды осы оқиғаға қатысты Петропавл тұрғыны. 

Оқиға болған кезде Алисаның анасы Алматыда іссапармен жүрген. Ал әкесі жұмыста болған. Үйде жалғыз туысы оның үлкен әпкесі, он алты жасар Дария екеуі ғана қалған.

"Сол күні біз арыз жаздық. Әкем Алисаны облыстық балалар ауруханасына апарды. олар оның мойынының созылғаны туралы анықтама берді. Бүгін медициналық тексеруге бардық. Міне, олар қазірдің өзінде ештеңе жоқ деп айтады", – деді Дарья Смолкова.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бұл фактіні растады. 

"Осы факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы "Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты ұрып-соғу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады", – деді полиция.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады