«Бала кезден армандадым»: Баян Алагөзова қызының есімін не үшін Алиса деп қойғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
13.08.2024, 10:50
2687
«Бала кезден армандадым»: Баян Алагөзова қызының есімін не үшін Алиса деп қойғанын айтты жеке парақшасынан

Ол екі қызына өзі қалаған атты қоя алмағанына қапаланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Баян Алагөзова қазіргі күйеуіне Алиса есімін қойғысы келетінін 8 жыл бұрын айтқан.

Сәби аңсап жүріп 50 жасында үшінші рет ана атанған Баян Алагөзова қызының есімін не үшін Алиса деп қойғанын әңгімелеп берді. Айтуынша, ол Алиса есімін бала кезінде кітаптан көрген.

«Қызымды неліктен Алиса деп атағанымызды айтқым келеді. Осыған байланысты сұрақ көп екен. Бұрын 3-4 сынып оқып жүргенімде «Алиса – ғажайыптар елінде» деген мультфильм көрдім. Сол ертегінің тарихы маған қатты ұнап, кейін кітабын сатып алып оқыдым. Сол кезде кіп-кішкентай қыз бола тұра «Болашақта қыз тусам атын Алиса деп қоямын» деп ойлаған едім», - дейді ол.

Ол салт бойынша балаға ата-әжесі есім қоюын қаламағанын айтты. 

«Бірақ бірінші қызым дүниеге келгенде қазақтың салты бойынша атын қоюға бізге мүмкіндік берілмеді. Бірінші баланың атын ата-әжесі қояды деген салттың қайдан шыққанын мен түсінбеймін. Солай Айсәуле деген атты қойды. 

Сосын Айару дүниеге келгенде Алиса деп атағым келген. Бірақ бұл жолы менің ата-анам қарсы болды. Ешкім мені қолдамады. «Немене мынау, қазақтың аты емес, қайдағы Алиса?!» деп ата-анам сөйлеген соң үн-түнсіз қоя салдым», - дейді ол.

Айтуынша, бұл есімді анасы ұнатпай қойған. Бірақ Алиса деп қызына қоюды көп жылдар армандап, ақыры 50 жасында туған үшінші қызына қойғанын айтты.

«Қазір де Алиса деген ат менің мамама ұнамайды. Бірақ мен енді баяғыдай жас емеспін, жасым 50-де. Енді өз қызыма қалаған есімді бере алатын жастамын.

Тұрсынға осыдан 8 жыл бұрын «Егер біздің қызымыз дүниеге келсе атын Алиса деп қояйықшы» деп айтып қойғам. Сондықтан қызымыз дүниеге келгенде басқа ат іздемедік те. Бәрі мен қалағандай болды», - дейді тағы да ана атанған Алагөзова.

АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған