«Ағаларым үйге кіргізбей жатыр»: күйеуінен ажырасып келген келіншек қайда тұрарын білмей жүр (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
13.08.2024, 11:33
3291
«Ағаларым үйге кіргізбей жатыр»: күйеуінен ажырасып келген келіншек қайда тұрарын білмей жүр (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Күйеуінен қорлық көріп төркініне келген қызды ағалары үйден қуған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, күйеуімен ажырасып ата-анасының үйіне қайтып келген жас келіншек ағаларының қорлап жатқанын айтып, жылады. Бұл туралы KYN.KZ жазды.

Бұл туралы видеоны заңгер Ләззат Рақышева өзінің парақшасында бөлісті. Келіншектің айтуынша, ажырасып келген оны ағалары үйге кіргізбей жатыр екен.

«Қазір әке-шешемнің үйіндемін. Анам қанша жерден қолдағанымен, ағаларым үйге кіргізбей жатыр. «Кешке дейін үйді босат, көзіме көрінбеңдер» деп жатыр. Сіздер халық болып мені қолдап жатырсыздар.

Ал мені туған-туысқандарым мені қолдамайды. Мен үшін өте ауыр. Ағаларымды түсіне алмаймын. Өздері қатындарын ұрады. «Өлгенің жақсы еді, қайтып келіп позор қылғанша» дейді. Жақын адамның қолдауы жоқ болғаны маған қиын», - дейді видеода жылап тұрып келіншек.

Желі қолданушылары жас келіншекке жұбату айтып, қамқорлығына алмаған ағаларын сөкті.

«Жаным, қайтып келгенің үшін саған позор емес, сені қорғай алмаған қолдай алмаған ағаларыңа позор. Осындай қараңғылықтан, пасықтықтан қашан құтылады екенбіз қайран қазағым. Анасы қолдаса да тыңдамаған», «Анасы қолдаса да тыңдамағанына қарағанда бұл отбасында әйелді адам құрлы көрмейді ғой», «Бұл отбасыда мейірім, шапағат жоқ. Қарындасын қорғай алмаған аға - аға емес», «Мұндай ағаларының барынан жоғы жақсы дейсің ғой»,- деп жазды олар.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады