1459

34 млн теңге табыс тапқан астаналық тиктокерлер сотталып кетті

Олар тиктокта отырып, «Зарик» деген құмар ойынын өткізген.

34 млн теңге табыс тапқан астаналық тиктокерлер сотталып кетті
123rf.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Елордада TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырған екі тұрғын төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Астана прокуратурасының сайты мәлімдеді. 

Сот үкімімен 2 қала тұрғыны Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін әрқайсысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алдын ала сөз байласу адамдар тобымен кінәлі тұлғалар TikTok әлеуметтік желісінде жалпы сомасы аса ірі мөлшерде 34 млн теңгеден астам табыс табумен "Зарик" атты құмар ойын өткізген. 

Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді. 

Бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталған. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болады. 

Үкім заңды күшіне енді.

Материал авторы