«17 жасымда миллион таптым»: Төреғали Төреәлінің қарындасы бай болудың сырын ашты

Аиса Махамбет Редактор
14.08.2024, 13:36
1200
«17 жасымда миллион таптым»: Төреғали Төреәлінің қарындасы бай болудың сырын ашты жеке парақшасынан

Дина Төреәлі ағасының арқасында байымағанын айтып ақталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызы “Ағасының арқасында көтерілді” деген қауесетке нүкте қойды. 

“Иә, бәрі мені “байдың қызы, күйеуі асырайды” деп ойлайды. Бүгін нүктесін қойғым келеді. “Әкенің малы балаға мал болмайды” – менің принципым. Отбасымызда ағам да, әпкем де, мен де өз жолымызды өзіміз таптық. Ата-анамыз бағыт-бағдар беріп, қолдап отырды, ең жақсы тәрбиені берді. Бірақ олардың табысына қарап отырмадық. Бүгінде жеке кәсібім, жылжымайтын мүліктерім, табыс әкелетін блогым бар. Барлығына әуелі Алла, кейін өзімнің күшіммен жеттім. Әрине, басында қорқыныш болды. Бірақ өзіммен жұмыс істеу арқылы оны да шештім. Үйімнің кенжесі болсам да шет елге шығуға, кәсібімді бастауға, курстар алуға, дамуға ешкімнен ақша алмағанмын”, – деп жазды блогер ару. 

Сонымен қатар желі жұлдызы алғашқы миллион табысын 17 жасында тапқанын айтып берді. 

“Дина Төреәлі бай отбасынан шыққан” деген сөзі көп естідім. Күйеуге шыққаннан кейін күйеуі асырайды екен деген әңгіме тарады. Жасырмаймын, мен туғанда отбасымның жағдайы жақсы болды. Қанаттыға қақтырмай өсірген ата-анама рақмет. Бірақ менің ешкім 16 жасымнан бастап жұмыс істегенімді білмейді. Осы күнге дейін бірнеше рет кәсіп бастағанымды білмейді. Алғашқы миллион теңгемді желілік бизнестен тапқанмын. Ол кезде жасым 17-де болатын. “Ағам танымал әнші”, “Ата-анам тауып береді” деп отырмадым. Шетелге саяхат, бренд заттарды өзім алуға ұмтылдым. Әпкем екеуміз жеке парақшаны кеш аштық. Өйткені рұқсат болмады. Енді сол арқылы блог жүргізіп, ақша таптым”, – деді Дина Төреәлі. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді