1273

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың бас бостандығы шектелген ұлының түнде көшеде жүрген видеосы тарады

Желіде мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың бас бостандығы шектелген ұлы Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта көшеде жүрген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың бас бостандығы шектелген ұлының түнде көшеде жүрген видеосы тарады
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрсалы Болат ерлі-зайыпты заңгерлер Черновтарға шабуыл жасағаны үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Алайда видеода оның талапты орындамай жүргені байқалады. Нұрасыл Болат түнде көшеде темекі шегіп тұр және видео авторының сөзіне жауап қатпайды.

“Видео шамамен түнгі сағат 3-те жарияланды, ал ол кешкі 23.00-ден кейін үйде болуы керек. Оның үстіне оның тіркелген жері – Астана, бірақ видео түнде Алматыда түсірілген. Бұл жерде бірнеше құқықбұзушылық орын алып отыр”, – деп мәлімдеді адвокат Анна Чернова.

Жәбірленуші кінәлі адамның жазасын дұрыс өтемей жүргеніне наразы. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор