«Қанымда бар өнер»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі «әнші болып кетті» дегендерге жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
14.08.2024, 17:51
2671
«Қанымда бар өнер»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі «әнші болып кетті» дегендерге жауап берді жеке парақшасынан

“Әзіл әлемі” театрының директоры, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, продюсер Мөлдір Мұқанова әншілікке бет бұрмақ. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесінің әйелі әншілік ата-бабадан дарыған қасиет екенін жасырмады. 

“TikTok парақшамдағы видеоны көргеннен кейін, жұрт “Мөлдір ән айтып кетіпті” деп ұлардай шулады. Ән айту – жанымның қалауы, хоббиім. Өзім үшін. Қанда бар өнер бәрібір менмұндалап шақырып тұрады екен. Біреуге ара-тұра поэзия оқу ұнайтын шығар, ал мен көңілдің кейбір сәттерінде ән шырқаймын. Шыны керек, бір күнімді бір күніме ұқсатпай әдемі, жарқын өмір сүргім келеді. Бала кезден жаңа дүниеге жаным құмар. Қазіргі жазып жүрген каверлерім бала Мөлдірдің бір кездегі арманы да болар. Балаларым да өз қалауын орындай алатын, арманын мақсатқа айналдыра алатын бақытты ананы көріп өссе деймін”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Одан кейін продюсер әлеуметтік желі еркіндік алаңы екенін айтып, ұятқа қалатын іс-әрекеттерден ғана сақ болуға үндеді. 

“Әлеуметтік желі – ішіңдегіні бөлісу құралы. Ән айтқысы келген адам айтсын, билегісі келетін адам билесін. Тіпті актриса болып армандаған болсаңыз да ешқашан кеш емес. Тегін танылу құралдары толып жатыр. Өзімізді бір қорапқа салып анау болмайды, мынау болмайды деп шектей бермейікші. Ұяттың нормасынан асатын дүниелерден құдай сақтасын. Ал бес күн мына жалғанда күліп-ойнап, жарқырап-жайнап жүргенге не жетсін?!” – деді Мөлдір Мұқан. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды