6017

«Атам әйел табылады, ажырасыңдар деді»: жайдарманшының әйелі не үшін бөлек кеткенін айтты

Ата-енесі ұлын ажырасуға үгіттеген дейді Фариза Алмасқызы.

«Атам әйел табылады, ажырасыңдар деді»: жайдарманшының әйелі не үшін бөлек кеткенін айтты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал жайдарманшы  Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Алмасқызы не үшін ажырасып кеткендерін айтты.

Оның сөзінше, ата-енесі түрлі нәрсе үшін тиісе берген.

Үй салып, ауылдан ата-анамызды әкеліп бірге тұрдық. 1 жасқа толмаған баламен үйде болдым, сосын енем жұмысқа шық деді, айлығыңды қолыма әкеліп отырасың дегенде тала жаздадым. Бермейтінімді айтқаннан бастап, тиісе бастады,  - дейді Фариза. 

Ол баласы өте агрессивті екенін алға тартады.

Айсұлтанның ашуланып жылағанын жаймен қабылдаймын, бірақ атам әрдайым айқайлап, «оны ұру керек, бұндай балаларды ұрып тәрбиелемесе бетімен кетеді» деп айтатын, - дейді ол.

Фаризаның сөзінше бір күні атасы екеуін шақырып алып, ажырасыңдар деген.

«Нұрсұлтан, сен өнер адамысың, саған әйел табылады, ажырасыңдар!» деді. Сол кезде енемнің айтқан сөзі: «иә, бұл біресе шашын бояйды, біресе тойға барады, енді бәрін ұмыт, үйде отырасың ешқайда шықпай» деп таңқалдырды. Ажырасыңдар деген адаммен қалай бірге тұрасың?, - дейді Фариза.

Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыген жеке парақшасында «Менің міндетім – ата-анамның разылығын алу. Әйелімнің міндеті – ерінің разылығын алу. Біліп қойыңдар. Сондықтан қайырлы болса, жақындатады, қайырсыз болса, алыстатады» деген еді. Ол әйелі ата-анасын сыйламаған соң ажырасуға мәжбүр болғанын айтты.

Кейіннен әйелімен ажырасқан актер Нұрсұлтан Жақсыген алимент сомасын азайтуға арыз жазғанын айтқан еді. Ол әйеліне заңды сатып алатынын айтқан. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор