«Қонақ үйлер нашар, дәретханалар жиіркенішті»: Қазақстанды аралаған түрік азаматы (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
15.08.2024, 14:28
775
«Қонақ үйлер нашар, дәретханалар жиіркенішті»: Қазақстанды аралаған түрік азаматы (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Ыстамбұлдан тойға келген түрік азаматы Қазақстанның туризміне баға беріп, көңілі неге толмайтынын айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шетел азаматы "Ауылға жол" жобасы шеңберінде бүкіл Қазақстанның ауыл-аймағын аралап жүрген Ulysmedia порталының шығармашылық тобымен кездескен. Видеоға түсірілген шағын әңгіме Тик-Ток желісінде қызу талқыланып жатыр.

– Дұрысын айтайын ба? Демалу орындары өте нашар. Әжетханалар жиіркенішті. Дұрыстау керек. Одан кейін жолдардың бір бөлігі жақсы, бір бөлігі нашар. Жолдарда біраз проблемалар бар. Бірақ жолдардың жасалып жатқанын да көрдім. Біраз үлкейту керек. Ауылдар өте көп, – дейді ол.

Хакан есімді азамат Ulysmedia порталының шығармашылық тобына Абай облысында кездесті. Қазақстанның туризміне не жетіспейді деген сұраққа да ашығын айтып жауап берді.

– Біріншіден, тамақтың түрі. Барлығы ет. Тәттілер нашар, кекс пен торт сияқты, бірақ өте нашар. Түркияда тәттінің түр-түрі көп. Көлікті жалға алу мәселесі шешілмепті. Ұзақ жерлерге көлікті бермейді. Мәселен, Алматы жарайды, бірақ мен Катонқарағай жаққа кетемін. Көлік жоқ, – дейді ол.

Хаканның туристік жерлердегі қонақ үйлерге көңілі толмайды. Нашар деп баға береді. 

– Алматыда люкс жерлер бар. Сыртта, ауылдарда, ұзын жолдарда қонақ үйлер өте нашар. Бір қонақ үй алдық. Люкс деді, бірақ біздің Түркиядағы “ұстаздар үйі” сияқты. Біздің Түркиядағы ұстаздар үйі одан әдемі. Отельдерді жақсарту керек, – дейді ол.

Әйтсе де, Хакан Түркияға қарағанда Қазақстанда үй, электронды құралдар, бензин, киім-кешек, көлік арзан екенін айтады. Ауылдардың үйі кең деп мақтайды. Адамдары қандай деген сұраққа турасын айтты.

Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО)