«Өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер»: дәстүрлі әнші Құран оқып, қыз ұзатқандарды сынады

Аиса Махамбет Редактор
15.08.2024, 14:57
3507
«Өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер»: дәстүрлі әнші Құран оқып, қыз ұзатқандарды сынады жеке парақшасынан

Тойды садақаға айналдырғандар деп айыптады термеші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, термеші, әрі жыршы Айгүл Елшібаева қазақтың дәстүрлеріне қол сұққан жат ағымның өкілдерін сынады. Ол қыз ұзатуда Құран оқытқанына шүйлікті.

«Алжыған уахабтар! Қыз баланы құран оқып, өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара. Көрген көзде жазық жоқ.

Уахабтар салт-дәстүрге қарсы болсаңдар, құран оқып ұзатқанша, ұзату тойын жасамай, үйлеріңнен жібере салсаңдаршы, салт-дәстүрімізді қор қылмай», - деп жазады ол желідегі парақшасына.

Айгүл Елшібаева қазақ салтына мұндай ылаң салып жүргендер Әбу Ханифа мазхабын ұстанған мұсылмандар емес, уахабтар деген пікірге тоқталды.

«Арабтарда күң-құл сату, әйелдің билігі екінші орында болғандықтан, қазақтың дәстүріндей қыз балаға құрметі жоқ.

Тойды садақаға айналдырған, садақа мен қыз ұзату салт-дәстүрді айыра алмаған дүбара сауатсыздар.

Уахаб шейхтарыңа ұнаймын дегенше, өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер.

Ұлтымыздың тәрбиелі, мағыналы, қыз балаға ақ тілегімен құрмет көрсеткен салт-дәстүрін садақаға айналдырған сатқындар.

Ислам діні, Әбу Ханифа мазхабын ұстаған қазақ неше ғасыр мұндай сұмдықты көрмеген шығар! Осылардыкі дұрыс па, ағайын?», - деп жазды ол.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды