1700

Төреғали Төреәлі 18 бен 25 жас аралығындағы қыз іздеп жүр (ВИДЕО)

Әнші қыздарға іздеу салды.

Төреғали Төреәлі 18 бен 25 жас аралығындағы қыз іздеп жүр (ВИДЕО)
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Төреғали Төреәлі кезекті бейнебаянына кастинг жариялады. Бұл туралы turkystan.kz жазды.

«Жақында жарық көрген “Айнадағы қыз” атты әнімізге түсірілетін бейнебаянға 18 бен 25 жас аралығындағы қарындастарымызға кастинг жариялаймыз. Шарты оп-оңай. Сол әнімізге 15 секундтық қызықты видео түсіріп, бізді белгілеп кетсеңіз болды», - деп жазды әнші.

Жазбаға пікір білдірген желі қолданушыларының сөзіне сенсек, бейнебаян кейіпкеріне айналуға ниеттілер көп болғалы тұр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор