Академия түлектері мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекегеқабілетті адами капиталына айналуы қажет

16.08.2024, 18:34
1294
Академия түлектері мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекегеқабілетті адами капиталына айналуы қажет Мемлекеттік басқару академиясы

Бұл туралы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Академия түлектері болашаққа бағытталған мемлекеттік басқаружүйесінің бәсекеге қабілетті адами капиталына айналуы қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл өңірлік түлектер форумында айтты.

Алматыда Академияның 30 жылдық мерейтойы аясында Өңірлік түлектер форумы өтті. Жақында құрылған Президенттік Академия түлектері альянсының алғашқы отырысы «Жасампаздық және жаңашылдық – өзгермелі әлемдегі ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің кепілі» тақырыбына арналды.  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов форумда сөйлеген сөзінде Академия еліміздің мемлекеттік қызметшілерін оқыту жүйесіндегі қазіргі заманғы реформалардың негізгі жолсерігі екенін атап өтті.  

«Осыдан 30 жыл бұрын Академия Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебі ретінде алғаш рет өз есігін ашқан кезде, оның мақсаты – мемлекеттік қызметтің тиімді, ашық және әділ басқаруға қабілетті мамандарды даярлау болды. Қазіргі таңда Академия түлектері мемлекеттік қызметтің барлық салаларында маңызды орындарды иеленіп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Өз кезегінде, 2023 жылы Агенттік тарапынан мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласын жетілдіру мақсатында заңнамаға тисті өзгерістер енгізілді. Жоғары үлгерім көрсеткен Академия түлектері (өңірлік деңгейдегі лауазымдарға) үшін мемлекеттік қызметке «кіру» тәртібі жеңілдетілді. Нәтижесінде конкурс өткізілместен Академияның 22 түлегі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалды», – деп атап өтті Азамат Сағатұлы.

Академия ректоры өз сөзінде Ерлан Әбіл түлектердің Әділетті Қазақстанның құрылуына өз үлесін қосатын Адал азамат болатынына сенім білдірді.

«Түлектеріміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңіріп, болашаққа бағытталған мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілетті адами капиталына айналуы қажет. Академия осы мақсатта білім беру бағдарламаларын үнемі жетілдіріп отырады. Мүдделі тараптар, білім алушылар және сарапшылармен дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, бағдарламалардың сапасы мен өзектілігіне ерекше көңіл бөледі. «Адамға бағдарланған аппарат» және нәтижеге бағытталған проактивті мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру үшін ғылыми-сараптамалық қолдау көрсетеді», – деді Ерлан Қуанышұлы.

30 жылдың ішінде 3 мыңнан астам түлек Академия дипломын алған. 2024 жылдың шілде айында жүргізілген мониторинг бойынша 2021-2023 жж. аралығында 413 түлектің 190-ы (46%) жоғары лауазымдарға тағайындалған. Сонымен қатар Академияның 5 түлегі 2023 жылы Президенттік жастар кадр резервіне енді.

«2024 жылдың 27 мамырында түлектерді ортақ мақсатқа біріктіруге жетелейтін «Президенттік Академия түлектерінің альянсы» құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Альянс – түлектердің бірін-бірі қолдап, пікір алмасып, өз әлеуеттерін жүзеге асыратын платформаға айналады. Академия түлегі Алин  Қанат Төлеубекұлы Альянс Президенті болып тағайындалды. Аталған Альянс түлектердің арасындағы байланысты әріқарай нығайтады деген сенімдемін», – деді Ерлан Әбіл. 

Түлектер форумына қатысқан Академия түлегі, Ақтөбе облысы Қоба аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арман Қабылов білім ордасы мемлекеттік басқару саласында сарапшылық ортаның қалыптасуына әсер еткенін атап өтті. 

«Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыратын альма-матердің ұйымдастырған бүгінгі шарасында мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар, түлектер нетворкингі және олардың сабақтастығы жөнінде өзекті мәселелер талқыланып, атқарылатын жұмыстар легі пысықталды. Сондай-ақ стратегиялық сессиялар ұйымдастырылып, пікірлерімізді ортаға салдық, мақсаттарымыз бен міндеттерімізді айқындадық. Мемлекеттік басқару жүйесінде Академияның алар орны ерекше. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған жасампаздық, жаңашылдық, өзгермелі әдемдегі ұлттың бәсекелестік қабілетін арттыруға арналған түлектер форумы – соның айғағы. Мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру, қайта даярлау және сабақтастығын қалыптастыру мақсатында Академия эксперттік ортаның қалыптасуына да жол ашады», – деді мемлекеттік қызметші.

Форумға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Академия басшылығы, филиалдар директорлары, мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, еліміздің әр облысынан мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген түлектер, сондай ақ білім алушы магистранттар қатысады. Альянстың алғашқы отырысында ортақ жобалар бойынша жоспар құрылып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған мүмкіндіктер мен мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар талқыланды. 

«Ине мен ойыншықтар таптым»: Айжұлдыз Адайбекова өзіне жасалған сиқыр қастандық туралы ашық айтты (ВИДЕО) Танымал блогер Фариза Төреәлі қайын атасына көлік сыйлап, елдің мақтауын естіді (ВИДЕО) «Бергеннен кейін тастамаймыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін асыға күтіп жүргенін айтты Шымкентте балабақша күтушісі 3 жасар баланы ұрып-соққан (ВИДЕО) Ауғанстанның Кош-тепе су каналы құрылысы Арал теңізінің экологиялық дағдарысын ушықтыруда Семейде КамАЗ жүргізушісі велосипедшіні қағып өлтірді Ақмола тұрғынын әйелі құтқарып қалды Атышулы судьяның өлімі: Айгүл Сайлыбаеваны енесі өлтірді деген күдікке ілінді 5 жасар туған қызын суға тұншықтырып өлтірген ана өз еркімен полицияға берілді Алматыда зейнеткерлерді тақырға отырғызған тұрғын ұсталды «Көреалмаушылықтан кетті»: 17 жастағы қыз «жанкүйері» берген торттан уланып өлді Чехияда Ресейдің тапсырмасымен автобус өртеген колумбиялық азамат сотталды «1380 теңге шығынның аз бөлігін жабады»: Онлайн-той ұйымдастырғандар салық төлеуге міндетті Екі күн бұрын лауазымынан кеткен Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жалған боп шықты Қытаймен ынтымақтастықтың әлеуеті мен тәуекелі «Ешкім хабарласқан жоқ»: Шерзаттың отбасына уәде етілген баспана үшті-күйлі жоқ (ВИДЕО) Ресей «иноагент» туралы заңды күшейтті: Енді айыппұлдан кейін бірден қылмыстық іс қозғалады Шымкентте ата-анасын ажыратпақ болған қыз әкесінің қолынан зардап шекті Шерзаттың сотын онлайн 40-тан астам ел көрген Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО)