Жамбыл облысында 53 мектепте «Starlink» интернеті іске қосылды

17.08.2024, 09:15
1477
Жамбыл облысында 53 мектепте «Starlink» интернеті іске қосылды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Илон Масктің интернеті Жамбылдағы ауылдарға да жетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында «Білім берудегі цифрлық инновациялар» тақырыбында дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.

Басқосуда облыс әкімі Ербол Қарашөкеев 53 мектептің «Starlink» технологиясына қосылғанын хабарлады. Елімізде бастау алған бұл жоба интернет жылдамдығын көтеруге ықпал етеді.

Айта кетейік, аймақтағы мемлекеттік мектептердің барлығы интернет желісімен қамтылған.

Интернет жылдамдығы (20 мегабит/сек) жоғары мектептердің үлесі өткен жылмен салыстырғанда 97,4 пайызға артты (2023 ж. – 63%).

- Алдымызда 12 мектепті кемінде 20 мегабит/сек жылдамдықтағы интернетке қосу міндеті тұр. Бұл мәселені білім және цифрлық технологиялар басқармасы бірлесіп шешуі қажет, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев білім басқармасына мектептердегі компьютерлерді жаңартып, істен шыққан техникаларды есептен шығаруды, Тараз қаласы мен аудан орталығында орналасқан білім беру ұяларына бірегей ID карта аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізуді тапсырды.

Өңір басшысы кеңесте білім беру саласын цифрландырудың маңыздылығына тоқталып, бұл – сапалы білім берудің тетігі екенін атап өтті.

- Білім беру саласындағы цифрландыру жас ұрпақты жан-жақты біліммен қарулануға және түрлі ақпараттарға талдау жасауға көмектеседі, ресурстарға жол ашады, заманауи технология мен оқу әдістемесін бірегейлендіруге мүмкіндік береді.

Білім беру ісіндегі цифрландыру – дамудың жаңа деңгейіне көтеріліп, білімі терең, ойы озық ұрпақ тәрбиелейтін әрбір педагогке үлкен жауапкершілік жүктейді, – деп атап өтті аймақ басшы.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды