856

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады - Қазгидромет

Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады - Қазгидромет
thoughtco.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 18-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын жариялаған деректерге қарағанда, солтүстік-батыс циклонының әсерінен ҚР басым бөлігінде күн құбылып тұрады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік – шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Жетісуоблысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстаноблысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абайоблысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Материал авторы