Баян Мақсатқызының Алма есімді екінші перзенті өмірге келді
Осыдан екі апта бұрын Алиса есімді қыздың анасы атанған еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі осыдан 15 күн бұрын қызды болғанын сүйіншілеген еді.
“Сені сегіз жыл күттік. Алиса қызымыздан кейін, араға 15 күн салып, Алагөзова Алма Тұрсенғалиқызы дүниеге келді”, – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін, Баян Алагөзова бір қызды дүниеге әкеліп, Алиса есімін берген еді. Енді өнер жұлдызының 4 қызы бар.
Еске салайық, "Суррогат ананың көмегіне жүгінген” деп үшінші рет ана атанған Баян Мақсатқызын ел қызу талқылаған еді.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор