«Талай жыл не үшін айлық алғанын түсінбеймін»: Тұрсынғали Еділов бұрынғы бапкерлік құрам туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
20.08.2024, 13:14
5158
«Талай жыл не үшін айлық алғанын түсінбеймін»: Тұрсынғали Еділов бұрынғы бапкерлік құрам туралы айтты Azattyq Rýhy

Айтжанов бастаған он бапкер туралы айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жақында ғана Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалған Тұрсынғали Еділов бас бапкерге қойылған басты талап туралы және бұрынғы жаттықтырушылық құрам жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы Бірінші бол жазды. 

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжановқа жеке шәкіртінің болмауы туралы талап қойылған. Осы орайда Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі Тұрсынғали Еділов бас бапкердің жеке шәкіртінің болмауы нәтижеге жеткізетінін айтты.

"Құрамада шәкірті бар бас бапкердің көңілі алаңдаулы болады, ол өз шәкіртіне қарай ма, құрамаға қарай ма? Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Бапкер спортшыны оның шынайы мүмкіндігіне қарап іріктеуі керек, одан мықтысы шықса, орынды соған беруі қажет. Ал шәкірті жанында жүрсе, қалай да бір бүйрегі соған бұрып тұрады.

Қытайда екі кубалық бапкер жүр, көрген шығарсыздар?! Баяғыда мен бас бапкер кезден білеміз, жақсы доспыз. Былай қарасаң, үш-төрт қызды чемпион қылып шығарды. Себебі олардың жеке шәкірті жоқ, ешкімнің мүддесін қорғамайды, олар тек нәтижеге жұмыс істейді, сыйақыны да соған байланысты алады. 

Өткенде біздегі Айтжанов бастаған он бапкер қызметтен кетті. Шынымды айтсам, талай жыл не үшін айлық алып жүргенін түсінбеймін. Олар әділ шешімімен өзгелерге үлгі болуы қажет еді", - деді Тұрсынғали Еділов.

Айта кетейік, 14 тамызда Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын. 16 тамызда Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалған еді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды