«Неке жаңғырту рәсімі»: Қарақат Әбілдина Қыдырәлі Болмановқа қайта тұрмысқа шықты

Аиса Махамбет Редактор
21.08.2024, 11:52
1964
«Неке жаңғырту рәсімі»: Қарақат Әбілдина Қыдырәлі Болмановқа қайта тұрмысқа шықты жеке мұрағатынан

Отандық танымал жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толуына орай, күміс тойларын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, той үстінде имам Қыдырәлі мен Қарақаттың некесін қиды. 

"Бүгін – мен үшін керемет күн. 20 тамыз – шаңырақ көтерген сәтіміз. Қайтадан тұрмысқа шығайын деп жатырмын. Осыдан 25 жыл бұрын тойдың дайындығы қазіргідей болған жоқ. Кірпік жабыстырмадық, бетті боямадық. Шашты қоқайтып төбеге түйіп, оған гүлдерді топырлатып жапсырып алып шыға бердік. Аяла қызым күлді. Міне, енді өзім қалағандай етіп қайтадан тұрмысқа шығып жатырмын. Неге жаңғырту деген нәрсе – тамаша үрдіс. Осыдан 25 жыл бұрын некемізді қиған Лесбай имам бүгін күміс тойымыздың куәсі болып келіп отыр. Келген қонақтардың бәріне ризашылығымызды білдіреміз", – деді Қарақат Әбілдина.

Той үстінде имам Қарақат Әбілдинадан маһрге не қалайтынын сұрады.  

"Әлемнің жарығын ата-анам сыйлаған болса, әлемнің бар гүлін, жақсылығын маған Қыдекем сыйлады, көрсетті. Ешуақытта маған "жоқ" деп қарсы келмеген, үлде мен бүлдеге орады, алақанына салып аялады. Уәде беріп, оны орындамай қойған кезі болмады. Осы күнімізге шүкір етіп, қуанып тұрмыз. Сондықтан маһр сұрағаным орынсыз болады, менде бәрі бар. Өзіңді кездестірген сәттен бастап әр күнім ертегідей" – деп шынайы ықыласын білдірді әнші.

Одан кейін Қыдырәлі мен Қарақаттың заңды некесін қию осыдан 25 жыл бұрын қалыңдықтың көйлегін ұстап жүрген кішкентай төрт жастағы Ақбота Шәкірқызына жүктелді. Ал неке куәгерлері – қыздары Аяла мен Айзада болды. Үйлену тойында Қыдырәлі мен Қарақат жаңадан неке жүзігін тағып, неке суын ішіп, бірге болуға ант берді.

Сондай-ақ Қыдырәлі аяулы жарына қымбат гауһартасты алтын алқа сыйлады.  

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды