Оралдық мұғалімнің өлімі: айыпталушы әйелдің мойнына пышақ сұғып өлтірген

22.08.2024, 09:50
615
Оралдық мұғалімнің өлімі: айыпталушы әйелдің мойнына пышақ сұғып өлтірген mgorod.kz

Айыпталушы - 41 жастағы Темір Сәрсенов.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оралда мұғалім Надежда Никитинаның өліміне қатысты сот процесі басталды.

Айыпталушы - 41 жастағы Темір Сәрсенов. Ол қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша күдікке ілінген: адам өлтіру, ұрлық және заңсыз қару сақтау.

Ол №9 орта мектептің мұғалімі марқұм Надежда Никитинамен 2020 жылы сыныпта компьютер орнатып жүрген кезде танысқан. Кейін ұстаз жұмыс орнында немесе үйіндегі техникада ақау пайда болғанда ара-тұра Темір Сәрсеновтың көмегіне жүгінген. 

Биыл 24 сәуір күні Надежда Никитина сондай өтінішпен Сәрсеновтен көмек сұраған. Айыпталушы жұмысын келесі күні аяқтауды айтқан. 25 сәуірде Сәрсенов мұғалімнің үйіне келгенде Никитина шәкіртімен сабақ жүргізіп жатқан. Шәкірті кеткен соң, әйел  айыпталушымен сөзге келіспей қалған болуы мүмкін.

Сәрсенов марқұмды диванға жатқызып, үстіндегі киімінің жағасымен буындырған. Кейін ол марқұмның мойнына пышақ сұққан. Никитина механикалық асфексиядан көз жұмды.

Сотталушы мұнымен қоймай, ізін жасыру үшін ұрлық жасаған. Ол әйелдің пәтерінен алтын бұйымдар, сөмке, әмиян, телефон және банк карталарын алып кеткен. Жалпы материалдық шығын –1,7 млн ​​теңге.

Сонымен қатар, полиция Сәрсеновтің пәтерінен сақтауға рұқсаты жоқ бірнеше қару мен оларға арналған көп мөлшердегі оқ-дәрілерді тапты. 

Сәрсенов алқабилер сотынан бас тартты. Басты сот отырысы 27 тамызға белгіленді.

«Қайтейін, кешір, Мақпал!»: ақын Мақпал Жүнісоваға арнап жазба жариялады «Бөпені не істемекшісің?»: Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен танысқан сәтін есіне алды «Ақшамызды ұрлаттық»: Роза Әлқожа шетелде саяхаттап жүріп, қиындыққа тап болғанын айтты «Мақпал ханым, іше түсіңіз»: Мақпал Жүнісованың атышулы видеосынан кейін желі қолданушылары араша түсті Қанша қазақстандық мемлекеттен 1,5 миллион теңге алды «Өнердің есігін жаптым»: «Буынсыз адам» атанған Айдос Тоқтарбай жиһаз жөндеп жүр «Ұмай» әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні «Сені бай да, Құдай да алмайды»: Айнұр Тұрсынбаева жүйесіз сөз айтатындарды сынады «Жолдасым машинама дөңгелек сыйлады»: Мадина Сәдуақасова туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті «Ол кәсібімді тартып алғысы келеді»: Қастандық көрдім деген ақтөбелік әйелдің бұрынғы күйеуі өз шындығын айтты (видео) Елімізде халықаралық олимпиададан жүлде алған оқушыларға 5,5 миллион теңге сыйақы беріледі «Ұлым тамақ беріп отыр»: әнші Қайрат Нұртастың ауыр сырқатқа шалдықты Sulpak дүкендер желісінің негізін қалаушылардың бірі көз жұмды Қызылордада 6 жасар екі қызды зорлаған адам қамаудан босап шықты «Қазақстан халқына» қоры 792 талапкерге грант берді Мешіт маңында белгісіз біреу бас мүфтиді пышақтап кетті Қазақ балуандары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қорытындылады Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 қыркүйекте қандай спорт түрлерінен сайыстар өтеді Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі - Қазгидромет