«Америкада неке қиып, Майамиде той жасадық»: Айгүл Иманбаева екінші күйеуімен қалай қосылғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
22.08.2024, 13:52
26870
«Америкада неке қиып, Майамиде той жасадық»: Айгүл Иманбаева екінші күйеуімен қалай қосылғанын айтты жеке мұрағатынан

Қазіргі күйеуі он жылдан бері Америкада тұратын азамат екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі қазіргі күйеуі туралы «Мамский әңгіме» подкастына берген сұхбатында айтып берді.

 

«Жалпы тылсым дүниелер менің күнделікті өмірімде болып жатады. Өзіме, болашағыма қатысты кейбір дүниелерді, картиналарды көремін. Оны қалай түсіндіретінімді де білмеймін. Тұрмысқа шыққан жігітті де 15 жыл бұрын көргенмін. Күнделігіме де болашақ жарымның түр-түсін, бойын, айтқан әңгімеміз бәрін жазып қойғанмын. Сол тілектерімнің орындалуы да тылсым дүние. Лондонға оқуға кетіп бара жатқанда барлығына құжаттарыңды дайындаңдар, менің тойымды шетелде болады деп айтатынмын. Кетіп бара жатып, достарыма күйеуіммен бір-ақ келемін дедім. Бірақ, ол кезде жігітім де жоқ болатын. Барған соң жігіт іздегенім де жоқ. Себебі, ағылшыным нашар, сабақ қиын, бір адамды танымаймын. Оқуға баспен кіріп кеттім.

Солай жүргенде азаматыммен таныстым. Өзіммен жасты, 77 жылғы, тек алты ай кішілігі бар. Өзіммен тағдырлас ажырасқан жігіт. Алматының жігіті, руы найман. Он жылдан бері Америкада тұрады Бірінші мамандығы филолог, ҚазҰУ-ды бітірген. Қазір IT саласында. Қызы Лондонда оқиды. Ортақ достарымыз таныстырды. Сол кезде мына жігітті мен түсімде көргем, мына жігіт менің күйеуім дедім. Америкада мешітте некеміз қиылды. Мәһірге Lamborghini сұрадым. Тойымыз ақпан айында Майамиде болады», — дейді өнер иесі.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды