«Немере бақпайтын әжемін»: Айгүл Иманбаева немересі туралы айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
22.08.2024, 15:54
4515
«Немере бақпайтын әжемін»: Айгүл Иманбаева немересі туралы айтып берді жеке мұрағатынан

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші, актриса Айгүл Иманбаева ұлын үйлендіріп, келін түсіргенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында ұлы мен келініне қандай талап қойғанын айтып, келін мен ене тақырыбын қозғады. 

“Менің ұлым рухани дүниелерге жақын. Ол бренд заттарға қызықпауы мүмкін. Бірақ рухани дүниені байытатын білім теріп жүреді. Келінімнің де соның деңгейінде болғанын қалаймын. Босаға аттап келген күнінен бастап, “Салпыетек, басында орамалы бар, күндіз-түні әлеуметтік желіні ақтарып отыратын келін болма” деп ескерттім. “Дамуды тоқтатпай, өзіңнің қызығушылығыңды жаса” дедім. Менен гөрі анамның жанында көбірек болады. Сол кісі бәрін үйретіп жүр. Өткенде үйге барсам, сәлем салып, орамалын тағып алыпты. Менің кейде үйдегілерге айқайлап, ұрсып алатыныма да үйренді”, – деп бастады әңгімесін әнші. 

Сонымен қатар эстрада әншісі немересінің де туғанын айтып, сүйінші сұрады. 

“Немерелі болғаным рас. Үш айға толды. Менен гөрі анам қасында көбірек болады. Немере бағатын әжеге ұқсамаймын ғой. Балама да бірден айтқанмын: “Мен немере бағып, жөргегін алмастырып отырмаймын. Бірақ әнімді айтып, бесігін тербетемін” дедім. Осы күнге дейін әлі шомылдырған да жоқпын. Анамның қызғанатынын байқадым. Шөбересіне ешкімді жолатпайды. Өткенде ұстай қойып едім, “құлатып аласың, дұрыс жуындырмайсың” деп бермеді. Содан жолаған жоқпын. Бірақ барған сайын артынып-тартынып бүкіл сыйлығымды алып барамын”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды